Avatar TikTok de 𝐓𝐈𝐌𝐔𝐑.𝐊𝐙𝐙 🇰🇿

𝐓𝐈𝐌𝐔𝐑.𝐊𝐙𝐙 🇰🇿

@timur_kzz
📊 TikTok Analytics Vexub 📉 -31% sur 14 vidéos 📅 11.84j / post

The Republic of Kazakhstan 🇰🇿

👥 Followers
136.5K
Taille du compte
👁 Avg views
423.65K
Moyenne sur 15 vidéos
💬 ER global
2.29%
Likes + com + partages / vues
📌 Save rate
0.17%
Sauvegardes / vues
🔎 Détails (profil + refresh) ouvrir
⏱ Refresh : 04/02/2026 21:05 ❤️ Likes profil : 3.1M 🎥 Vidéos profil : 424 ➕ Following : 25 📦 Vidéos analysées : 15 🔥 7 dernières : 2.21M ⬅️ 7 précédentes : 3.21M
ER = (Likes + Commentaires + Partages) / Vues • Save rate = Sauvegardes / Vues • Revenu estimé basé sur les vidéos ≥ 60s des 30 derniers jours.
🎥 Dernières vidéos
Miniature vidéo TikTok
📆 31/12/2025 🚫 <60s
🏅 #5 / 15
🙂
Score vidéo 6.7/10

Әкем соғыстан аяқ-қолы сау, аман-есен оралды. Кейінірек Оралдан Алматыға көшіп кеттік. Алматыға келгенде де әкем барлық туысқандарына көмектесіп, ағайынның басын қосып, араласып тұратын. Өте қонақжай, қолынан келген көмегін ешкімнен аямайтын кісі еді. Ал анам болса жеміс-жидегін тұздап, тағамның түр-түрін өз қолымен жасап, қонақ шақырған кезде бәріне үлгеретін. Қалай үлгеретініне әлі күнге дейін таң қаламын. Әкеміз біз үшін ештеңесін аямайтын. Алғаш радио шыққан кезде бізге радио, кейінірек теледидар шыға бастаған кезде теледидар алып беріп, бізді әрқашан қуантатын. Барлық көршілер келіп, біздің үйден теледидар көруші еді. Қыз бала әкеге жақын болады ғой, мен де әкеме жақын болып өстім. Әкем мені алтын қызым деп ерекше еркелететін. Сондықтан болар мен тұрмысқа шықсам да өзімнің әкемнің атында қалуды жөн көрдім. Мен бала кезімнен мектептегі үйірмелерге қатысатынмын, көркем гимнастикадан екінші разряд та алғам. Би, музыка, киноға барғанды жақсы көретінмін. Анамнан 10 тиын алып, абонемент арқылы кинотеатрға көп баратынмын. Өнерге бала кезімнен жақын болдым. Мектепте 10-сыныпта оқып жүрген кезімде «Қыз Жібекті кім ойнайды?» – деп кастингке қыздар іздеп жатыр екен. Режиссердің көмекшісі Ғазел Мағауина бірнеше қызды киностудияға шақырып, содан кастинг басталды да кетті. 500 қыздың ішінде он қыз таңдалдық. Режиссер Сұлтан Қожықов, суретші Гүлфайрус Исмаиловалардың алдынан өттік. Мен өлең оқыған кезде, «Өлеңді жүрекпен сезініп оқиды екен. Осы қызда бірнәрсе бар. Фильмде мұндай жастар ойнамаса кино шықпайды», – деген Сұлтан аға сол он қыздың ішінен мені ұнатып, таңдау жасаған кезде қатты қобалжығаным рас. Ал енді Төлеген роліндегі Құман болса 3 курс студенті әрі біршама тәжірибесі бар актер болатын. Мен сол кезде екі емтиханды қатар тапсырғандай болдым. Біреуі – мектеп бітіру емтиханы, екіншісі – кино. Киноға түсу кезінде менің уақытым көп болды. Карим Әсенов аға маған атқа қалай отырып, қалай шабудың барлық қыр-сырын үйретті. Менің бақытым тура мектепті бітірген кезден басталғандай болды. Мен бақытымды өмірде де, өнерде де кинодан, театрдан тапқан адаммын.

ID 7589982198309080332
🙂
Note 6.7/10
👁 364.2K vues
ER
1.61%
Global : 2.29%
Save rate
0.14%
Global : 0.17%
Revenu est. (Ads)
0€
Non comptée : vidéo < 60s
🏆 Rang vues : #5 (top 71.4%) Ouvrir sur TikTok ↗
Miniature vidéo TikTok
📆 29/12/2025 🚫 <60s
🏅 #6 / 15
🙂
Score vidéo 6.9/10

Мұқағали 1974-1975 жылдары жиі-жиі ауырып емханаға түсіп жүрді. Емдеу орнында жатсада, сәл айыға бастаса, қолына қаламын алып өлең жазуға кірісіп кетеді. Сондай кездерде күніне алты, жеті, кейде сегіз өлең жазып тастаған кездері де бар екен. – Өлеңді аурулар тынышталып, ұйқыға кеткен соң асханаға барып жазамын. Менің кабинетім – аурулардың асханасы, дейді. – Өзіңді өзің күштей бермесеңші, демал, алдымен науқасыңнан айық. Өлең қайда қашар дейсің, – деймін емханаға барған сайын. – Мен өлең жазумен, өлең оқумен ауруымды емдеймін. Өлеңге кіріскенде барлық ауруымды ұмытқандай болам. Құдайым қолыма қалам ұстауға шамамды келтірсе, өлең өз – өзінен нөсерлеп төгіліп жатады,– дейтін. Мүмкін өмірінің қысқарып келе жатқанын, әр сағат есепте екенін білген де болар. Мұқағали тағы емханаға 1975 жылдың аяғында қыста түсті. Үлкен баламыз Жұлдыз екеуміз жұмыстан кейін тамақ алып, емханаға бардық. Жұлдыз қазақ мемлекеттік университеттың заң факултетін бітіріп, Гуревке жіберілген. Әкесі ауру болған соң ол сұранып келіпті. Мұқағали жүдеу, нардай жігіт, арықтап, шүйкедей боп азып бара жатқан сықылды. Көздерінің еті сарғыш тартып шүңірейе түскен. Сондай жүдеу жүзіне көзім түсіп, қалай күрсініп жібергенімді білмей қалдым. Халы ауыр адамның алдында бұл қылығымның оны қандай күйге түсірері де белгілі. Дереу сөзге айландырған болдым. Мұқаң да сезіп қалды да, Жұлдызбен сөйлесіп кетті. – Енді келіп қалыпсың, келгенің дұрыс болды. Гуревке бармай-ақ қой. Осыннан да бір жұмыс табармыз. Өзің ештеме ойлама! – деп баласының басынан сипады. Сонан қоштасып, түнде үйге қайттық. Ертесінде кешке таман Жұлдыз екеуіміз Мұқаңа тағы келдік. Кешегіден сәл көңілділеу екен. Үстел үстінде өлең жазған дәптері ашық жатыр, сол беттен «Күрсінбеші» деген өлеңінің шет жағасын көріп қалдым. Осы өлеңді оқып, мені қалай шебер суреттегеніне таңдандық. 1973 жылы Гөрки атындағы әдебиет институтында оқыды. Оны бітірмей, балаларын, Алматысын сағынып қайтып оралды. Кім біледі, өмірінің соңының тақалып келе жатқанын біліп, бір күнде болса өз ата мекенінде, отының басында болайын деді ме, қайдам. Мұқағали әрқашан Атамекенін оқудан жоғары қойды. «Россия менсіз-ақ күн көрер-ау, ал менің Рөссиәсіз күнім қараң»,-деп Түргенов айтқандай, Москвада ұзақ тұра алмады. Алматысына жетуге асықты. Ол бұл өмірден ерте кететінін білетін. Кейде: «мен елу жылдық тойымды көре алмаймын, балаларыңа бас бол, мені жоқтатпа, сен өзің кеткенше азық болатын дүние жазып кеттім. соған ие бол! Қысылмассың! Өзіңе-өзің мықты бол», – деп отыратын. «Қойшы, ертең кететіндей, қайдағы сұмдық ойды қайдан суырып аласың, кім ауырмайды. Жаман ойлама! Әлі- ақ ағаш атыңа мінесің!» деп қоямын. Бірақ артынан сезіктеніп жүрем. Уақытында айтқандарына мән бермеген екенмін. Бұл сөздер менің есімді тез жинатқызды. Мұқаңның айтқаны айдай келді. Міне, қазір жаққаным Мұқағалидың оты, айтқаным – соның аты.

ID 7589313682195139851
🙂
Note 6.9/10
👁 328.1K vues
ER
1.93%
Global : 2.29%
Save rate
0.15%
Global : 0.17%
Revenu est. (Ads)
0€
Non comptée : vidéo < 60s
🏆 Rang vues : #6 (top 64.3%) Ouvrir sur TikTok ↗
Miniature vidéo TikTok
📆 28/12/2025 🚫 <60s
🏅 #3 / 15
😄
Score vidéo 7.3/10

Майра! Сенің рухың мықты, мәрт болып шықты. Қос қозыңды қасыңа алдың. Бәлкім, ертерек кетіп, қандыра алмай кеткен аналық мейірімің магниттей тартты ма екен құлындарыңды. Түсіме жиі енбегеніңмен, анда-санда кіресің, нұрлы жүзіңді анық көремін. Бұл өмірден өтеріңнің алдында (3 наурыз, 1993 жыл) түсімде көргенім бар еді. Жар жағалап келеді екенбіз деймін. Екеуміз де ерекше көңілдіміз. Бізден асқан бақытты жан жоқ. Жағалауды жалғыз екеуміз ғана жалпағынан басып келе жатқандаймыз. Дүниенің бар қызығын екеуміз ғана иеленгендейміз. Әйтеуір бір биіктеміз. Екеумізге де қанат біткендей, ұшып келе жатқандаймыз. Төменде, қол созым жерде айдын көл жарқырап жатыр. Ойымыз сол айдынға түсу. Мен өзімше, сол баяғы жігіт кезімдегідей әбжілдік танытып, бір оңтайлы жерден секіріп түсіп, сымдай тартылып тұра қалдым да саған қол создым. Кенет, иә, кенет... «Майра, Майра» деп айқайлап жібердім. Менің даусымнан аспан мен жердің арасы астасып кеткендей болды. Сенде үн жоқ. Көрінбей кеттің. Содан жоғары қарай өрмелеп бара жатыр екенмін деймін, оянып кеттім. Неге екенін кім білсін, әйтеуір, таң ата көрген түсім айнымай келеді. Осыдан кейін көп ұзамай өмірден өттің. Мәди қайтарынан үш күн бұрын да түс көріп едім. Жаңа қазылған қабірдің жас топырағын басып өтіппін. Артыма қарасам із қалыпты. Құдайдың құдіреті, Сағида да осылай болды. Шыны түтіктен бұрқ-сарқ етіп қан жүріп жатыр екен деймін. «Апыр-ай, жарылатын болды-ау» деп зәрем зәр түбіне кетіп тұрмын. Ақыры әлгі түтікше жарылып тынды. Үш күннен кейін шауып жүрген сап-сау Сағиымның жүрегі жарылды. Тәңірі құлақ кесті пендесіне осынша қасірет қамытын кигізуге пейілді емес болар, сонша жазықты болатындай жағдайымыз да жоқ еді. Кейде осының бәрі Тәңірінің өз еркінен тыс, Құдайдың өзі қалғып кеткенде болатын іс пе деймін. "Өйткені, сол бір Тәңірінің тілеуімен дін-аман жетіп едік қой осы күнге. Дегенмен бұл жағдайлар кездейсоқтық та емес. «Түсімде аян берді» деп жатушы еді, көне көздер, сол сірә, бекер де болмас. Себебі, кино түсіріп жүрген кезімде де, театр сахнасында да оң жамбасыма келе қоймаған ккино түсіріп жүрген кезімде де, театр сахнасында да оң жамбасыма келе қоймаған кейбір эпизодтар, күрделі образдарға түсімде қолдау, сүйеніш тауып жүретінмін. Қысқасы түсіме табысқа жетіп жүрдім, шынайы өмірде де солай болып жататын. Бұл не құдірет?..

ID 7588846744134257976
😄
Note 7.3/10
👁 906.6K vues
🔥 banger
ER
1.92%
Global : 2.29%
Save rate
0.16%
Global : 0.17%
Revenu est. (Ads)
0€
Non comptée : vidéo < 60s
🏆 Rang vues : #3 (top 85.7%) Ouvrir sur TikTok ↗
Miniature vidéo TikTok
📆 24/12/2025 🚫 <60s
🏅 #9 / 15
🙂
Score vidéo 6.1/10

Мен өзім қақаған қыстың басында өмірге келіппін. Қыстауда туғанмын. Қазір біздің елді Күреңбел деп атайды. Жеті-сегіз ай жайлау болады. Қыс көк шөптің үстіне қар болып бірақ түседі. Қыста қар қалың болған соң тау асып, Қату деген жер бар, соған қыстайды. Қызылжиде деген бастаудың түбінде туыппын. Әкем құлақ күйін келтіріп, домбырасын тыңқылдатып отыратын. Шешем іс тігіп отырып ыңылдап ән айтып отырушы еді. Ол кез соғыс кезі. Жағдай қиын болды ғой. Ата-анамның 4-5 баласы шетінеп кеткен соң мен ғана аман қалыппын. Ата-анам өміріме жететін тәрбие берді. Мен үйде жалғыз өстім. Әкем «жалғызбын деме, жалқы тудым де» деп сөзімді түзетіп отыратын. Адамның көп болуы, аз болуы өзіне байланысты. Он болсаң да бір басыңда жалғыздық болады. Ағасы, інісі барларға қызығушы едім. «Жұмсағанға бір боқмұрын інім де болмады-ау» дегенде шешем «өйдеп айтпа, жас өседі, жарлы байиды» деп айтып отыратын. Соғыс басталғанда мен төрт жастамын. Сонда соғысқа аттанған ауыл адамдары есімде. Бәрі жылап-сықтап шығарып салып еді. Ауылда еңбекке араласатын адам жоқтың қасы. Бес-алты жасымда өгіз жегетін, өгіздің алдында жегілген ат келе жататын, сол атқа мені отырғызатын. Бірде ат үстінде келе жатып шалғыға түсіп қала жаздағанмын. Кешкісін өрістен қайтқан малды қарсы алып, қораға кіргіземін. Кейде шарбақты байлай алмай қолыммен ұстап отырып ұйықтап қалатынмын. Ондағым бұзау сиырды еміп қоймасын деген әрекетім. Шешем бірде жылап, бірде күліп «сен де адам болар ма екенсің» дейтін.

ID 7587371814507105592
🙂
Note 6.1/10
👁 268.3K vues
ER
1.09%
Global : 2.29%
Save rate
0.1%
Global : 0.17%
Revenu est. (Ads)
0€
Non comptée : vidéo < 60s
🏆 Rang vues : #9 (top 42.9%) Ouvrir sur TikTok ↗
Miniature vidéo TikTok
📆 20/12/2025 🚫 <60s
🏅 #13 / 15
😐
Score vidéo 5.9/10

22.09.1962 жыл Қымбатты ММ, РР! Әңгімені жер бетіндегі тұңғыш еркек Адам сияқты әйелге сөз айтудан бастайын. Адресің қайда? Менің дауысым саған жете ме? Мен саған адресіңді толық жаз деп едім ғой. Саған қалай хат жаза­мын? Әрине, саған бәрібір, өйткені, сені ойлайтын, бір сәт те естен шығармайтын адам бар, ол сен үшін мәңгілік! Қазір ол сенен қашықта болса да сен туралы ойлап, сені сағынып, мазасы кетуде. Сені іздеп таппай, жаны жай табар емес. Сен жүрген қаладағы барлық қонақ үйлерге телефон соғып іздесе де таппады. Қайда жүрсің, менің Қара қызым! Кеткелі бір апта болды, хабарың жоқ, жеделхатпен үйге адресіңді хабарла, өтінемін. Аэрофото ма, теле-космоспен бе, тез хабар бер! Бұл үйде қалған сенің ең қымбат адамың үшін өте қажет. Сенің жаның қандай таза, ММ! Тіпті, кейде сәбидей томпиып, өкпелеп қалғанда да өте сүйкімдісің. Кінәлі болмасаң да кінәлі жандай мойындай салатын әдетің ше?! Мұндай қылық көп адамда кездесе бер­мей­ді. Әйтеуір мені кінәлаудан қашан да аулақ тұрушы едің. Жалғыз адам ойшыл болады екен. Тезірек оралшы, ММ. Саған үш нәрсе тілеймін: біріншіден — ауырма, екіншіден — жұмысыңның сәтті аяқталуын, үшіншіден — өзіңнің сүйіктіңнің құшағына оралуды. Мәңгілік сүюші М.М.Ғ. "Мәң­гілік" деген сөзді осы уақытқа дейін ешкім­ге айтқан жоқ едім…

ID 7585941894283251000
😐
Note 5.9/10
👁 123.2K vues
ER
1.09%
Global : 2.29%
Save rate
0.12%
Global : 0.17%
Revenu est. (Ads)
0€
Non comptée : vidéo < 60s
🏆 Rang vues : #13 (top 14.3%) Ouvrir sur TikTok ↗
Miniature vidéo TikTok
📆 19/12/2025 🚫 <60s
🏅 #14 / 15
😐
Score vidéo 5.6/10

Театрымызда Тұрахан Сыздықова деген акртиса апайымыз бар. «Келін» фильмінде ойнаған. Дос балам «Сыған серенадасына» билет қалдырып қойшы, орта жағынан деген соң, астына кассаға түсіп, айтайын деп бардым. Сол жерде Тұрахан апам отыр екен. Мен кіргенде ұялы телефонына біреу хабарласты. Кәдімгідей сасқалақтап қалды. «Қай жер дейсің, 15 күні, менде спектакль ғой, күндіз дейсің бе, адресі Каменка, көшесі Гроза, 102» деп жазып жатты. Түнеугүні «Қожанасыр» қойылымында ойнаймын, жұмысқа келе жатыр едім, апайым алдымнан шықты. Қолында қобызы. Сыр білдірмедім. Амандықтан кейін, «Каменкадан келе жатырсыз, қонақтан, спектаклім бар деп ерте кетіп қалдыңыз, Гроза көшесі, 102» дедім. Мұндайды күтпеген апайым есі шығып кетті. «Қайдан білдің?» деді жалма-жан. Сіз ол жерде қобыз тарттыңыз, апай менің сәуегейлік әулиелігім, көріпкелдігім бар ғой, осы уақытқа дейін ешкім білмей келген. Шалқасынан түсті. «Онда айтшы, алдыңғы өмірімде не болады?» деп қоймай қойды. Өміріңіз кино әлемінде жұлдызыңыз жанады екен дедім. Жұмыстағылармен шай ішейік деп отырсақ, апайым біразына менің көріпкелдігім жайлы айтып жатыр. Таң қалып, ертеңгі күнімді айтып берші деп қоймады. Кейін айтып беремін дедім. Ақырында шындықты айтсам, «Шешек сен алдаған екенсің ғой, мен саған сеніп отырсам» деп бір алданғаны бар.

ID 7585588438984822028
😐
Note 5.6/10
👁 97.9K vues
ER
0.98%
Global : 2.29%
Save rate
0.09%
Global : 0.17%
Revenu est. (Ads)
0€
Non comptée : vidéo < 60s
🏆 Rang vues : #14 (top 7.1%) Ouvrir sur TikTok ↗
Miniature vidéo TikTok
📆 16/10/2025 🚫 <60s
🏅 #8 / 15
😄
Score vidéo 7.8/10

Бір күні үйде отырсам телефон шылдыр ете қалды. Тұтқасын көтердім. Ар жақтағы дауыс: – Шәке, біз мына Өзбекстандағы Бұхар облысына қарасты Тамды ауылында кілең қазақтар тұрамыз. Райкомның хатшысы да қазақ, райисполком да қазақ, мектебіміз де қазақша, газетіміз де қазақша. Бәрі де қазақша. Аудан басшыларының тапсыруы бойынша Алматыға арнайы келдім. Ел-жұрт сізбен дидарласуға құмар. Сөздің қысқасы, сізді Тамдыға алып кел деп мені арнайы жіберді. Мен: – Жарайды, бір айдан кейін барайын, – дедім. Қандай қабілетті болса да, кісінің қонақта жүріп ән шығаруы мүмкін емес. Отырыс болады. Шәй ішесің. Анда-мұнда қыдырасың. Әңгімелесесің... Алдын-ала ән шығарып баруым керек деп іштей ұйғардым. Машинамен бара жатып әнді шығардым. Сөзі жоқ. Тамдыға табаным тиді. Оларға ән шығардым деп айтқан жоқпын. Жасырдым. «Елді аралап көрейін» дедім. Араладым... Тамдылық қазақтар «Ән туа қалса өлеңін Қадыр Мырзалиев жазсын» деп өтінді. Алматыға қайтып келдім. Қадырға мән-жайды түсіндірдім. «Көрмеген-білмеген жерім туралы қалай жазам?» деп ол қарсы болды. Мен қоймадым. «Бұл Өзбекстанда жат жұрттық боп жүрген қазақтардың қолқасы» дедім. «Сен бұған дейін де менің көп әндерімнің сөзін менің айтып, түсіндіруіммен жаздың. Сен ылғи да менің артымнан еріп жүріп жазған жоқсың ғой. Тыңда. Тамды деген жүз процент қазақтар тұратын аймақ. Бір аңғарғаным – олар қазақтың әдет-ғұрып, салт-дәстүрі мен ырым-жырымын сол күйі сақтап қалған. Қаймағы бұзылмаған. Төңірегінде мынадай-мынадай жерлер» деп географиялық карта сияқты қағазға сызып түсіндіруге тырыстым. «Тамдының іргесінде Мыңбұлақ ағып жатыр» дегенімде, Қадыр жүзі бал-бұл жанып «Болды, Шәке, болды. Кілтін таптым!» деп қуанып кетті. Отыра қалып қойын дәптеріне бір шумақ өлеңнің нобайын түсірді. Жамалың жас көктемнің жамалындай,. Жүрегің махаббаттың қамалындай. Тамдының тамылжыған әнші аруы, Лебізің таңның уыз самалындай, еркем-ай. Қайырмасы: Ебелектей жел аңсаған, Көбелектей гүл аңсаған Келем саған.

ID 7561779392049925387
😄
Note 7.8/10
👁 294.1K vues
ER
3%
Global : 2.29%
Save rate
0.23%
Global : 0.17%
Revenu est. (Ads)
0€
Non comptée : vidéo < 60s
🏆 Rang vues : #8 (top 50%) Ouvrir sur TikTok ↗
Miniature vidéo TikTok
📆 12/10/2025 🚫 <60s
🏅 #1 / 15
😄
Score vidéo 7.7/10

Бейсекеңнің жұрт біле бермейтін бір жақсы дағдысы болатын. Балалар сабаққа шығып бара жатқанда міндетті түрде «бес те бес» деген тілекпен шығарып салатын. Бейсекеңнің сол әдетін байқаған бір жолдасымыздың баласы үйіне барған соң әке-шешесін ұялтыпты. «Сіздер мені сабаққа тез-тездің астына алып шығарып жібересіздер, ал Бейсен аға болса, Іңкәр мен Жауһарды маңдайынан иіскеп, «бес те бес» деп шығарып салады» деген көрінеді. Отбасылық өмірде орынсыз ұрыс-керіспен өзіміздің берекемізді қашыр­мау үшін Бейсекең шындап ойланды, мен тек сол кісінің айтқанының барлығын жөн көріп, дайын үлгіні қабылдай салдым десем де болады. Қаншалықты қатаң ұстанғанымызды білмеймін, бірақ екеуміз де уәдемізде тұруға тырысып бақтық. Жас келінге жаңа ортаға еніп, сол жердің тәртібіне үйрену үлкен бір сынақ. Себебі әр үйдің тәртібі, тыныс-тіршілігі әртүрлі болады. Оның үстіне төркініңде еркелеп өссең, келін бола салысымен етек-жеңіңді жинап, тап-тұйнақтай бола қалу оңай шаруа емес. Менің бағыма орай апам да, көкем де, тәтем де өте мейірімді кісілер болды. Менің білмегеніме кешіріммен қарап, керек жерінде үйретіп жіберетін. Егер мен жақсы келін бола алсам, ол менің жақсылығымның ғана арқасында емес, маған жылы шырай танытып, жатырқамай-жатсынбай, өз орталарына тартқан енелерімнің арқасы. «Сіз сондай жақсы мектептен өттіңіз, келіндер курсын жүргізсеңіз болады ғой» деген ұсыныстар болды. Бірақ біреуге ақыл айтудан аулақпын. Меніңше, әркімнің өз мектебі бар, әже, туған ана, жеңгелер, енелер – осылардың әрқайсысынан жақсы нәрсе алуға болады.

ID 7560382165226212619
😄
Note 7.7/10
👁 1.3M vues
🔥 banger
ER
2.29%
Global : 2.29%
Save rate
0.16%
Global : 0.17%
Revenu est. (Ads)
0€
Non comptée : vidéo < 60s
🏆 Rang vues : #1 (top 100%) Ouvrir sur TikTok ↗
Miniature vidéo TikTok
📆 01/10/2025 🚫 <60s
🏅 #4 / 15
🔥
Score vidéo 8/10

Майра екеуіміз бір-бірімізді ұнатып қосылдық. Мен онда Шәкен Аймановпен араласпайтынмын. Бірақ, кейінірек, күйеу баласы болғаннан кейін көп көмек көрсеткені рас. Мәселен, Шәкең «Атаманның ақыры» фильміндегі Шадияровтың рөлін А.Михалков-Кончаловскийге айтып, маған лайықтап жаздырыпты. Мен сол кезде Бекежанды ойнап жүр едім. Бұлтақтағаныма көнбеді. Ақыры үйде – Асанәлі, сайын далада – Бекежан, Үрімжіде – Шадияров болып шыға келдім. Майрамен үйлену тойымызға Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов секілді ұлылар қатысты. Сонда ғана мен Шәкеңнің осал адам емес екенін бірінші рет түсіндім. Көңіл алып-ұшқан кез, оның үстіне қазіргідей байлық, мансап деген құрғыр біздің ойымызға кіріп те шықпайтын, сондықтан әлдекімдер сан-саққа жүгіртетін бақай есеп менде болған жоқ. Мен Шәкеңнің тұсында бірде-бір атақ алмаппын. Атақ-абырой кейінірек, Шәкен Айманов қайтыс болған соң келді. Бұл, әрине, мені Шәкеңнің қайрап-шыңдағанының нәтижесі де шығар, оның алдында қашан да басымды иемін. Майраның орны бөлек еді... Қайтыс болған соң енді үйленбеспін деп шешкен едім. Бірақ өмір көп жағдайда сенің ойлағаныңа көне бермейді. Біраз жыл салт жүрдім. Ол жылдар шынында да маған оңай тиген жоқ. Күйзелдім. Жанымды түсінер жар іздедім. Бір келіншекпен көңіл жарасты. Алайда, қосылып, түтін түтеткенімізбен, табалдырықты аттаған күннен бастап қасиетті анамның көңілін таба алмады. Үй ішінде түсінбеушілік көбейіп, көңілсіз тіршілік басталды, үйге еркелей, арсалаңдай келуден қалдым. Осыдан соң сырт көзге тас қамалдай көрінгенімен, жан дүниесі аса сезімтал әрі нәзік өнер адамының қалай езіле түсетінін өзің де сезерсің. Бәрін бажайлап, саралаған соң, ұрыс-керіссіз ажырасып тындық. Бірақ, менен көтерген ұлға хал-қадірімше қол ұшын берудемін. Оқыттым, қызметке тұруына септесіп, үйлендірдім. Сол Олжас есімді ұлымнан туған немеремді Мәдиімнің есіміне ұқсастырып Мәдия қойдым. Бұдан соң соғыстан қайтпаған әкемнің отын өшірмеген анамның жағдайын ойлап, үшінші рет түтін түтетуге тура келді. Онымен де тұзымыз жараса қоймады. Бәрі тағдырдың жазғаны шығар. Ол әйелден көрген қызымның есімін Сағиыма ұқсатып Сағина атадым. Құдайға шүкір, осы қарашықтарым аман-есен өсіп келеді… 2005 ж.

ID 7556277566529719563
🔥
Note 8/10
👁 898.3K vues
🔥 banger
ER
2.63%
Global : 2.29%
Save rate
0.23%
Global : 0.17%
Revenu est. (Ads)
0€
Non comptée : vidéo < 60s
🏆 Rang vues : #4 (top 78.6%) Ouvrir sur TikTok ↗
Miniature vidéo TikTok
📆 30/09/2025 🚫 <60s
🏅 #7 / 15
😄
Score vidéo 7/10

Лəззат – отбасымыздың тұңғышы. 1970 жылы өмірге əкелдім. Тұңғыш болған соң ба, жауапкершілігі жоғары болатын. Ашық, ақкөңіл еді. Өзім əлі жас болғандықтан Лəззат маған бала да, құрбы да, сырлас дос та бола білді. Зерек еді. Барлық мəселені тереңінен ойлап, жақсы түсінетін. Жаңа нəрсені тануға құштар еді. Менімен сұқбат құрғанды жақсы көретін. Үйде шаруа істеп жүрсем түрлі сұрақ қойып, оны-мұны сұраудан шаршамайтын. Сабақты да жақсы оқыды. Мектепте домбыра үйірмесіне қатысатын. 8-сыныпты бітіргенде «музыкант болғым келеді, колледжге оқуға тапсырғым келеді» деді. «Болам деген баланың бетінен қақпа» дейді ғой. Осы Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжіне өзім жетектеп əкелдім. Шығармашылық емтихан тапсырып, өз күшімен оқуға түсті. Қызымның оқуға түскеніне қатты қуанып едім. Алайда Алматыдан ауылға тек мүрдесінің қайтарын қайдан білейін?!. Қызым туралы ойлағанда, оны сағынғанда үнемі əп-əдемі болып күлімдеп тұрған жас қыздың бейнесі көз алдыма келеді. Қатарластарын, құрдас достарын көргенде Лəззатым да осындай болар ма еді деп жылап аламын. Бірақ, бейкүнə қызымның 16 жастағы бейнесінен өзгесін елестете де алмаймын. Ол кезде қазіргідей екінің бірінде телефон жоқ қой. Күн сайын жағдайын біліп отыра алмайсың. Хат арқылы хабарласып отыратынбыз. Қараша айында демалысқа келіп, жақсы көңіл-күймен қалаға шығарып салып едік. Араға ай салып суық хабар келді. Екі жеделхат алдым. Алғашқысында «қызыңыздың жағдайы нашар» делінсе, екіншісінде «қайтыс болды» деп жазылған. Төбемнен жай түскендей болды. Осыдан кейін бізге «халық жауы» сияқты қарағандар болды. «Қызыңыздың алаңға барғанын айтпаңыз» дегендер де кездесті. «Лəззат отбасында дұрыс тəрбие көрмеген. Сондықтан осындайға барды» деген сөздер маған ауыр тиді. Көпке дейін есімді жия алмай жүрдім. Бірақ, қызымның дұрыс бағытта болғанына, қате баспағанына сенімді едім. Лəззаттың денесін əкелерден бірнеше күн бұрын көрші ауылға Ербол Сыпатаевтың денесін əкелгенде де «нашақор, бұзық екен, ажалы содан бопты» дегенді естідік. Есімді жиып, мəн-жайды сұрағанда «бөлмесіндегі қыздармен келіспей, 5-қабаттан құлап кеткен» деді. Мен де, өзгелер де бұған сенбедік. Қызымның денесін шариғат заңдарына сай сүйегін ашып, жуып жерледік. Қызымның денесін əкелген адамдар бірден кетпеді. Барлық рəсім аяқталғанша жүріп алды. Содан жасқанған болу керек, Лəззатқа деп жайылған дастарқанға жұрт жоламады. Бұдан кейін де бес жыл бойы үйқамақта болдым. Қайда барам, не істеймін, кіммен сөйлесемін, бəрін бақылап отырды. Қайта-қайта шақыртып, тергеудің астына алды. Мен өз айтқанымды қайталаудан тынбадым. Ешқашан қызымның ісін теріске шығарған жоқпын.

ID 7555921908886293816
😄
Note 7/10
👁 298.6K vues
ER
1.98%
Global : 2.29%
Save rate
0.19%
Global : 0.17%
Revenu est. (Ads)
0€
Non comptée : vidéo < 60s
🏆 Rang vues : #7 (top 57.1%) Ouvrir sur TikTok ↗
Miniature vidéo TikTok
📆 26/09/2025 🚫 <60s
🏅 #11 / 15
😄
Score vidéo 7.1/10

Сандырақ, былжырақ, ұры, кедей, қиын, ауру, ақымақ, болмайды, қолымнан келмейді, лас, жүрегім айниды, күрделі, жыным келеді, кәрілік, шаршау, шаршадым, жалықтым, күшім қалмады, жаман, масқара, талғамсыз, әділетсіз, айыптау, сынау, ашу, ашулану, алдау, жазалау, өлтіреді, төмендетеді, шаршатады, құлдырау, тонау, кек, қорқыныш, жоғалту, қарыз, тығырық, депрессия, уайым, өкпе, қызғаныш, көре алмау, боқтық сөздер... КҮШ-ҚУАТЫҢДЫ АРТТЫРЫП, КЕУДЕҢЕ ҮМІТ ОТЫН ЖАҚТЫРЫП ЖІБЕРЕТІН СӨЗДЕР: ҚУАНЫШ, МАХАББАТ, АЛҒЫС, БАҚЫТ, НӘЗІКТІК, ҒАЖАЙЫП, ТІЛЕК, КҮН, ЖЫМИЮ, СЫЙЛЫҚТАР, ОҢАЙ, ҚОЛЫМНАН КЕЛЕДІ, ЖАҚЫНЫМ, ЖАРЫҚ, ҚҰШАҚТАУ, СҮЮ, ДОСТЫҚ, ОТБАСЫ, БАЙЛЫҚ, МЕРЕКЕ, БЕРЕКЕ, ӘДЕМІ, ТАМАША, ЖЫЛЫ, ЖАҒЫМДЫ, ҒАЖАП, БОЛАДЫ, ҚОЛДАУ, ШАБЫТ, ТАЗАЛЫҚ, СЕНІМДІЛІК, МЕЙІРІМДІЛІК, ҚАРАКЕТ... Осыны оқып алып, "Жақсы өмір сүрем, жарқырап жүрем десең - ЖАҚСЫ СӨЙЛЕ!" десем, жанармайға жынданып, Атамбаевқа ашуланып, латынға бұлданып, Торғайға тұлданып отырғандар менің атыма "КҮШ-ҚУАТТЫ АЗАЙТЫП, ЖАН ДҮНИЕҢДІ ҚАРАЙТЫП ЖІБЕРЕТІН СӨЗДЕРдің" тізімінде ең соңғы тұрғаннан түйдектетіп жіберетін болар.

ID 7554434135452962104
😄
Note 7.1/10
👁 150K vues
ER
2.47%
Global : 2.29%
Save rate
0.2%
Global : 0.17%
Revenu est. (Ads)
0€
Non comptée : vidéo < 60s
🏆 Rang vues : #11 (top 28.6%) Ouvrir sur TikTok ↗
Miniature vidéo TikTok
📆 22/09/2025 🚫 <60s
🏅 #10 / 15
🙂
Score vidéo 6.6/10

22.10.12. ТЮЗ-да Астана театрының «Гамлетін» көрдім. Қойған режиссер Болат Ұзақов. Аса жақсы спектакль. Әсіресе, Нұркен Өтеуіл «Гамлетті» жоғары дәрежде ойнады. 7.11.12. Күн бұлынғыр. Ертең спектаклім. 6 ай болды ойнамағаныма. Қобалжу бар. Жүріс-тұрыс та бұрынғыдай емес. 8.11.12. «Ымырттағы махаббатты» ойнамағаныма 6 ай (8 мамыр – 8 қараша) болып еді. Сағынып қалыппын, жақсы өтті. Әр тоқсан сайын болса да ойнап тұру керек. Қазір нағыз ерке болған кезіміз-ау. 9.11.12. Бағдат менің сымбатты жүргенімді ұнатады. «Шаштаразға заказ бердім», – деді. Бұрын мен шашымды өзім ала беретінмін. Қарсылық білдіріп едім, өкпелеп қалды, көндім. «Көзіңнің астындағы мешокты алу керек», – дейді. Мен «енді мұныңа келісе қоймаспын, бұл еңбекпен, уақытпен келген мешок», – деймін ғой баяғы. Тіпті «народный мешок» деп күлдіремін. Шыны сол. Әрине, қанша сыланып, сипаласаң да уақыт дегенін істейді ғой. Бағдат та менің жас боп көрінгенімді қалайды ғой, ең бастысы маған деген ниеті, көзқарасы дұрыс, адал. 8.12.12. Өскемен. Рүстем Есдәулетовті еске алу кеші. Бердібек Сапарбаев сөз сөйлеп ашты. Аса қарапайым басшы. Басшылар одан үлгі алса жаман болмас еді. 1.01.13. Біссміллә! Түске дейін ұйықтаппыз. Үйге студенттерім Қайрат пен Райхан келді. Сондай сүйкімді, жарасымды жұп. Екеуі үйленбекші. Сый-сияпат жасадық. Енді қайтып оралмайтын сонау бозбала күніміз еске түсіп, елжіреп те алдық… Қазір енді қыдырудан гөрі көбіне үйде болғанды тәуір көремін. Әр нәрсе уақытымен екен. Баяғы жаңа жылдар қызықты өтетін тәрізді еді. Қазір скучно! Жастарды аяймын. Байлар шет елде өткізеді. Өз еліңді менсінбеу деген бір бәле пайда болды. 3.01.13. Күн бұлыңғыр. Сондай көңілсіз, бірсыдырғы күндер. Адамдардың бір-бірімен шаруасы жоқ. Скуката. Баяу басып, кеңсеге келдім. 4.01.13. Сұлтанғали Шүкіровтің қырқы. Жақсы азамат еді. Актөбелік. Қуыршақ театрына көп еңбек сіңірді. Біреуге орын керек болып, ысырған. Қытай жақта бизнесте жүрген еді. Науқасы меңдеп Германияда қайтыс болды.

ID 7552974806803631416
🙂
Note 6.6/10
👁 216K vues
ER
1.52%
Global : 2.29%
Save rate
0.18%
Global : 0.17%
Revenu est. (Ads)
0€
Non comptée : vidéo < 60s
🏆 Rang vues : #10 (top 35.7%) Ouvrir sur TikTok ↗
Miniature vidéo TikTok
📆 14/08/2025 🚫 <60s
🏅 #15 / 15
🙂
Score vidéo 6.1/10

Әкем әрдайым: «Спорт – бауырластықтың көпірі» дейтін. Ол үшін таэквондо тек спорт емес, халықтарды жақындастыратын, бір-бірін түсінуге үйрететін құрал болды. Әкем ерекше жан еді. Ішкі жан дүниесі де, сыртқы болмысы да ерекше болатын. Ол тек шебер спортшы ғана емес, әділеттілік сезімі өте терең көреген адам болды. Ол даңқ пен атақ үшін емес, құндылықтар үшін күресті. Бұл – тәртіп, ар-намыс, бауырмалдық, батылдық. Әкем халқына қызмет етуді қалады. Бұл оның борышы емес, шынайы махаббаты еді. Мен әкемді өте жас, тіпті бала кезімде жоғалттым. Бірақ оның рухы жүрегімде әлі күнге дейін өмір сүріп келеді. Көпшілік үшін ол – батыр, ал мен үшін – әкем өмірімдегі үлгі-өнеге тұтатын негізгі адам. Шынымды айтсам, қазіргі таңда әкемнің Мюнхенде, Ыстамбұлда ашқан мектептері әлі жұмыс істей ме, жоқ па, бұл туралы нақты ақпаратым жоқ. Ал Қазақстандағы мектепке соңғы рет шамамен он жыл бұрын, яғни Алматыда әкемнің 60 жылдығына орай ашылған ескерткіштің ашылуына жолым түскенде арнайы барып көрдім. Мен үшін толқынысқа толы әсерлі сәт болды. Болашақта байланыс қайта орнайды деп үміттеніп жүрдім. Сол армандаған күн туды. Таэквондо федерациясының шақыруымен Kazakhstan Open шарасына қатысу үшін Астанаға келдім. Бұл өңім бе, түсім бе, әлі сене алмай тұрмын. Арнайы шақырған федерацияға алғысым шексіз. Әкем таэквондадан жылдар бойы үздік спортшылар тәрбиеледі. Бұл спорт жарысы ғана емес, қазақ халқының әкеме деген құрметі. Біз Мюнхенде тұрамыз. Анамның есімі – Нұрила. Ол біз үшін нағыз қайсар жан. Жалғыз қалса да, тағдырға шағымданбады. Үш баласына бар махаббаты мен мейірімін төгіп, тәрбиеледі, жеткізді. Сіңлім Аслыхан – әкемнің рухани тереңдігін бойына сіңірген. Сырт келбеті мен мінезі жағынан ағам Нәзірбек әкеме қатты ұқсайды. Ал өзіме келсем, көп адам менің көзімдегі отты, болмысымды, тыным таппайтын еңбекқорлығыма қарап, әкеме ұқсатады. Қазір әкемнің өз халқына деген махаббатын шын мәнінде түсіне бастағандаймын. Себебі, бұл сезім менің де жүрегімде оянып келеді. Қазақ тілін үйрену – жүрегімнің үндеуі іспеттес. Қазақ тілі – менің тілім Мен – қазақпын. Әкем де, анам да – қазақ. Шетелде туып-өссем де, қазақ тілі – менің түп-тамырым. Тик-Ток желісінде көп адам қазақ тілін үйренуге көмектесіп, үміт сыйлап жатады. Ана тілін меңгеру үшін әуелі неден бастау керектігін айтып, кеңес береді. Сол үшін де алғыстан басқа айтарым жоқ. Маған туған тілімде сөйлеу өте маңызды. Көп нәрсе айтқым-ақ келеді. Бұйырса, қазақша оқуды, жазуды да меңгеріп алсам, Қазақстанға, ондағы халыққа қоятын сұрағым көп.

ID 7538398302421765381
🙂
Note 6.1/10
👁 49.8K vues
ER
1.88%
Global : 2.29%
Save rate
0.16%
Global : 0.17%
Revenu est. (Ads)
0€
Non comptée : vidéo < 60s
🏆 Rang vues : #15 (top 0%) Ouvrir sur TikTok ↗
Miniature vidéo TikTok
📆 18/07/2025 🚫 <60s
🏅 #2 / 15
🔥
Score vidéo 8.2/10

Әр хабар - маман үшін стресс. Түсірілімдерден шаршап, қуаты сарқылып келеді. Үйге кіргенде сөйлеуге шамасы болмай, «мен ұйықтаймын» дейді. Бір күн бойы ұйқысын қандырып алады, содан кейін келесі хабарға дайындық жүргізеді. Медитация жасайды. Ол кісі әскер қатарында жүргенде каратэмен айналысқан, кейін ұзақ жылдар бойы айкидо өнерімен шұғылданды. Айкидо - интеллектуалдарға арналған жекпе-жек түрі. Бұл - жай ғана қол-аяқ сермеу емес, тұтас бір философия. Бейсекең өмір салтын айкидоға бейімдеп ұстады. Ұйқыдан тұрған кезде, әрбір күнге дайындық ретінде 30 минут медитация жасайтын. Басында түсінбейтінмін: «Неге таңертең және ұйықтар алдында отырасыз?» - деп сұрайтынмын. Сонда ол: «Әр таңда оянып, Құдайдан сұраймын - маған осы күнді жақсы өткізуге күш-қуат бер деп», - дейтін. Ал ұйықтар алдында: «Егер біреуді ренжітсем, қателік жасасам - кешірім сұраймын, жүрегімді тазартып жатамын,- деп түсіндіретін.

ID 7528453999259962625
🔥
Note 8.2/10
👁 934.4K vues
🔥 banger
ER
3.39%
Global : 2.29%
Save rate
0.17%
Global : 0.17%
Revenu est. (Ads)
0€
Non comptée : vidéo < 60s
🏆 Rang vues : #2 (top 92.9%) Ouvrir sur TikTok ↗
📊 Vues par vidéo
Survole un point pour voir la vidéo (# + date + vues exactes).
📈 ER & 📌 Saves
ER = engagement, Save rate = “vidéo à garder”.
💰 Revenu estimé (TikTok Ads)
  • Je compte uniquement les vidéos ≥ 60 secondes (tu m’as dit que <60s = pas pris en compte).
  • Calcul sur les 30 derniers jours (dans la limite des 35 dernières vidéos qu’on a dans le JSON).
  • RPM estimé : 0.5€/1k vues (range 0.35–0.65) basé sur ER + save rate + durée moyenne.
  • Résultat: 0€ sur 30j (range 0€0€), pour 0 vues éligibles et 0 vidéos ≥60s.
Important: c’est une estimation “réaliste” mais ça dépend beaucoup du pays d’audience, du type de contenu, et du niveau de vues qualifiées.
🧠 Lecture ultra simple
  • Emoji + note /10 = performance globale de la vidéo (views + ER + saves).
  • ER = (Likes + Commentaires + Partages) / Vues • Save rate = Sauvegardes / Vues.
  • Badges “Au-dessus / En dessous” = comparaison directe à la moyenne de TON compte.
✨ Boost tes vidéos Vexub IA
Sous-titre tes vidéos automatiquement avec l’IA 🎧

Importe ta vidéo, et Vexub génère une vidéo sous-titrée prête pour TikTok, Reels ou Shorts. Pas de montage, pas de prise de tête.

  • Reconnaissance vocale IA → texte propre
  • Sous-titres syncro automatiquement sur la vidéo
  • Format vertical optimisé pour les vues
Tester le sous-titrage IA ↗
Sous-titrage vidéo IA avec Vexub